Чехияда 50-ші «Лидице – 2022» балалар көркем шығармаларының халықаралық көрмесі өтті. Оған Павлодар қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің 18 оқушысы қатысты.Қазақстаннан барлығы 81 жұмыс алынды, оның ішінде 7 жұмыс құрмет дипломдарымен бағаланды.Солардың бірі біздің оқушыларымыздың жұмыстары: София Чумак пен Карина Төлегенова.
Карина Төлегенова, 15 жаста, гуашь техникасындағы «Ежелгі Қазақстанның музыкалық аспаптары» суреті үшін, София Чумак, 15 жаста – «Рим жауынгерінің сауыты», гуашь техникасы, суреті үшін дипломмен марапатталды, жетекшісі Анжелика Николаевна Бамбуляк.
– Екі қыз да өнерге деген үлкен сүйіспеншілігі мен таланты және еңбекқорлығының арқасында суретті өте жақсы меңгеріп, тез үйренеді. София кескіндемені жақсы көреді, гуашьты да, акварельді де жақсы біледі, май өнерінде де өзін сынап көрді. Ол халықаралық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы, болашақта өзін суретші ретінде көреді, – дейді Анжелика Николаевна.