Педагогтар мен оқушылар "Ертіс ТВ" телеарнасының "Жаңа күн" таңертеңгілік бағдарламасында қонақта болып қайтты
![Педагогтар мен оқушылар](/media/img/blogs/63edf7f9b6c51.jpeg)
4 ақпанда “Ертіс ТВ” телеарнасының таңғы “Жаңа күн” тікелей эфирінде Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқытушылары: Жамиш Олжас Жұмабайұлы, Сидоренко Оксана Валерьевна, Смыков Дамир Серікұлы және оқушылары : Бисембай Айым, Даутова Арай, Садуова Мадина, Ткаленко Катя,Собко Милана болды. Педагог-суретшілер өз жұмыстарының қыр-сырларымен, оқушыларды өнерге баулу жолында қандай тәсілдермен қолданатындарын, суретші ретінде не шабыттандыратыны туралы әңгімеледі, өз өнерлерін көрсетті.