Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Семей қаласындағы республикалық суреттер байқауының жүлдегерлері
31-01-2024 12:36
Семей қаласындағы республикалық суреттер байқауының жүлдегерлері
2023 жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі Семей қаласындағы "Жасасын, Тәуелсіз Қазақстан!" республикалық балалар суреттері байқауына 12 оқушының жұмыстарын жіберді. 6-9 жас, 10-12 жас, 13-16 жас аралығындағы балалар арасындағы байқаудың ұйымдастырушысы Семей қаласының өнер мектебі - ЮНЕСКО клубы болып табылады.
 
Байқау қорытындысы бойынша 6 павлодарлық қатысушы жүлделі орындарға ие болды және Қазақстан ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының вице-президенті қолы қойылған түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ясмина Левадная, 15 жаста, аралас техникадағы "Дала қызы" жұмысы үшін, Кирилл Кестель, 16 жаста, "Астана үстінен ұшу" жұмысы үшін, Әмина Теміржан, 7 жаста, гуашь техникасындағы "Бақытты балалық шақ" жұмысы үшін 2 дәрежелі дипломанттар атанды. Педагогтары Лариса Алексеевна Кузнецова, Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина, Айдана Ардаковна Мергалиева.
 
Гульназ Алтынбек, 13 жаста,фломастер техникасындағы  "Мереке", Диана Шайкенова, 14 жаста, графика техникасындағы "Тәуелсіз елімнің кереметтері", Сагдиана Саруарова, 10 жаста, гуашь техникасындағы "Қарлығаш" жұмысы үшін 3 дәрежелі дипломанттар атағына ие болды. Педагогтары Анна Валерьевна Аткина, Наталия Владимировна Решетова, Дария Карангуровна Батмаева.