Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
БКМ педагогтары Анна Валерьевна Аткина мен Шамиль Ракымбекович Шушаев және олардың оқушыларының “Неfормат” көрмесі
31-05-2024 12:53
БКМ педагогтары Анна Валерьевна Аткина мен Шамиль Ракымбекович Шушаев және олардың оқушыларының “Неfормат” көрмесі

2024 жылдың 30 мамырында Балаларды қорғау күніне орай педагогтар Аткина Анна Валерьевна мен Шушаев Шамиль Ракымбековичтің жетекшілігімен «Айна» галереясында балалар көркемсурет мектебі оқушыларының «Неформат» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Экспозицияда педагогтар Ш.Р. Шушаев, А.В.Аткинаның және олардың 13-17 жас аралығындағы оқушыларының 32 жұмысы ұсынылған. Жұмыстар әр түрлі техникада орындалған: кенептегі акрил, кенептегі акварель.

 «Біздің сүйікті өнер сүйер көрермендерімізге тұңғыш рет педагог - суретшілердің өз оқушыларымен бірге жасаған жұмыстары ұсынылды. Бұл форматты біз өте сирек қолданамыз, сондықтан көрменің атауы да осы себептен. Бұл балалар мен олардың педагогтарының бірлескен көрмесі мектеп оқушыларының таланты мен дағдыларын, сондай-ақ педагогтардың шеберлігі мен кәсібилігін көрсетеді», - деді Балалар көркемсурет мектебінің басшысы Ляйля Мукарамовна Магзамова.

Жұмыстарда туған өлкенің табиғаты, қаламыздың әйгілі жерлері, сүйікті бұрыштары мен аулалары көрсетілген. Балалардың өте сүйікті жанры-натюрморт, сәндік және тұрмыстық, жұмыстарда станоктық композициялар да кездеседі.

Көрме 12 маусымға дейін жалғасады.