21 маусым күні Павлодар қаласының орталық саябағында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының шеңберінде өткізілген "Туған жердің бояулары" атты бала бақша тәрбиеленушілері арасындағы қалалық балалар шығармашылығының байқауы жеңімпаздарын салтанатты түрде марапттау рәсімі өтті. Байқау 1 маусым күні басталып, 2 бағытта өткізілді: кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер. Байқау қатысушылары көрермендер назарына туған жердің табиғи көріністерін, Қазақстан жануарларының мүсіндерін көрсетті. Қатысушылардың әрқайсысы шығармашылықтарында құралдарды пайдалану кезінде тапқырлық пен бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншіліктерін танытып, сонымен қатар экологиялық мәселені шығармашылықпен шешуге болатындығын ойлады, яғни жарамсыз материалды қолдану.
Байқауға 15 алуан түрлі жазғы лагерлерден 98 оқушы қатысты. "СҚӨ" номинациясында жеңімпазға жеткендер: 1 орын - Оразбаев Марат және Крецу Милана (№34 ЖОББМ), Кочубеева Полина (№16 ЖОББМ), 3 орын - Аспанова Руслана (№6 ЖОББМ). Ал "Кескіндеме" номинациясында 1 орынды Бегалка Мария (№29 ЖОББМ), 2 орынды Муратбек Адильжан (№41 ЖОББМ), 3 орынды Микина Кира(№4 ЖОББМ) иеленді.
Туған жердің бояулары