XIV халықаралық Сібір керамика фестиваліне Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының оқытушысы Алексей Александрович Балин қатысты. Ол фестивальға керамика техникасында өзінің бірнеше жұмыстарын ұсынды.
Фестиваль қорытындылары бойынша Алексей Александрович «Үш тілек» жұмысы үшін «Маэстро» номинациясындағы шығармашылық жұмыстар байқауының лауреаты атанып, І дәрежелі дипломмен және естелік жүлдесімен марапатталды.
Алексей Александрович 23 жылдан астам мүсін пәні оқытушысы болып қызмет етеді, қала мен республика шеңберінде керемет суретші, мүсінше және керамист ретінде танымал. Оның шығармашылық жұмыстары Алматы қаласында, Ресейде, Америкада жеке жинақтамаларда сақтаулы. 2017 жылы Облыстық көркемөнер мұражайында оның жеке шығармашылық жұмыстар көрмесі өтті.
Фестиваль Новосибирск қаласында 11 - 14 желтоқсан күндері Новосибирск облысының Мәдениет министрлігімен өткізілді. Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Словения, Беларусь мемлекеттерінің қалаларынан 100-ден астам кәсіби суретші-керамимсттер қатысты.