Сенім телефоны
314264
email: altin_dan@mail.ru
Мекенжайы: Шокин к.96/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 13.00-17.00
Бейімделу сәтіндегі "Допты қуып жет"ойыны.
05-08-2022 16:42
Бейімделу сәтіндегі

2-3 жастағы нәресте ойыншықпен ойнауға, басқа баламен тіл табысуға немесе түсінуге, қалағанын сұрауға, ойын жеткізуге, сезімін білдіруге қауқарсыз. Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас, достыққа негізделген берік орта қалыптастыру керек. Одан кейінгі талаптар, оқу үрдісі, жеке басына қызмет көрсету тағы басқасы толықтырырылып отыратындықтан бала ортаға тез бейімделеді.Дене шынықтыру маманы :Д.Б. Жұбатқан кіші топ балаларымен “Допты қуып жет “ойынын ойнатты.Бейімделу кезінде балалармен танысып,ойын ойнатты.Балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырды. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады. Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салды.