Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлы ақын сайысының жеңімпаздары
11-11-2020 16:51
Ұлы ақын сайысының жеңімпаздары

2020 жылдың 10 қараша күні ХХІІ облыстық «Абай оқулары» онлайн режимінде өтті.

Сайыстың «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыттары алдын ала жазылып, жіберілген бейнематериалдар бойынша бағаланды.

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Ұлылар әлемі» бағыттары  ZOOM платформасында бейнеконференсбайланыс арқылы өткізілді.

Конкурсқа облыстың жалпы білім беру және мамандырылған мектептерінің 8-11 сыныптарынан 100 оқушы, оның ішінде 8 өзге ұлт өкілі қатысты. Павлодар қаласынан 12 қатысушы өз бағын сынады.  Сайыс қорытындысы бойынша 43 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І-орын – 8, ІІ-орын – 15, ІІІ-орын – 20.

Қала мектептерінен «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша  І-орынға №33 ЖОМББМ 8 сынып оқушысы Юдина Алина ие болды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша ІІ орынды №29 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Ковтун София жеңіп алды.

 «Көңілім әнді ұғады» бағытында І орын  №9 ЖОББГМ 10 сынып оқушысы Сухоносова Алина; ІІ орын   Б.Момышұлы ат.ЖОББМ 10 сынып оқушысы Айдархан Баян; ІІІ орын   №2 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Шамет Алтынай.

«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында І орын  №43 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Картошова Александра. ІІ орын   №38 ЖНББМ 6 сынып оқушысы Дауыржан Ердамыс иеленді.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне беріңдер!