Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Халықаралық балалар күніне арналған "Балалық шақтың түрлі-түсті әлемі" қалалық фотоконкурсының қорытындысы
11-11-2020 17:41
Халықаралық балалар күніне арналған

Халықаралық балалар күні аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2020 жылдың 26 қазанында «Балалық шақтың түрлі-түсті әлемі» атты қалалық фотоконкурс өткізді.

Фотоконкурстың мақсаты балалардың шығармашылығын жандандыру, фотоөнер саласындағы таланттарды анықтау, отбасы институтын нығайту болып табылады.

Байқауға қаланың 26 жалпы білім беретін мектептерінен 1 - 4 сыныптардан 106 оқушы қатысты.

Қатысушылар фотоконкурс тақырыбы бойынша 106 презентация ұсынды.Қатысушылар фотоконкурс тақырыбы бойынша 106 презентация ұсынды. Әрбір қатысушы бақытты және жарқын балалық шақ тақырыбындағы 10 және одан да көп фотосуреттерден, оның ішінде авторлық орындаудағы 5 фотосуреттен тұратын презентацияны ұсынды.

Қатысушыларды дайындаумен оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдері айналысты.

Байқауды бағалаған сараптамалық коммисияға БУҚБДДО ұйымдастырушы - педагогтары шақырылды.

2020 жылы конкурсқа 27 мектептен 109 қатысушы қатысты: ЖОМ №6, 11, 13, 14, 17, 18, 21,23, 24, 26, 27, 28, 29, 32, 34, 37, 36, 38, 39, 41, 42, 43, №9 МГ, КЖОМ, ЖЖОМ.

Онлайн байқау қорытындысы бойынша 28 жүлделі орын анықталды, оның ішінде I орынды - 5 оқушы, II орынды - 8 оқушы, III орынды - 15 оқушы алды. I орынды № 6 ЖОМ 3 сынып оқушысы Ксения Крашкевич; № 9 ЖОМ 2 сынып оқушысы  Жұмабай Әдел; № 34 ЖОББМ 1 сынып оқушысы Габдрахимова Айсана; №41 ЖОМ 1 сынып оқушысы Жетписбаева Нияра; №34 ЖОМ 1 сынып оқушысы Котелкин Матвей иеленді.

II орынды № 9, 13, 14, 21, 34, 41 жалпы білім беретін мектеп оқушылары алды.

III орынға № 11, 14, 21, 23, 26, 27, 34, 36, 37, 41, 42, ЖЖОМ, КЖОМ жалпы білім беретін мектеп оқушылары ие болды.

Қалалық фотобконкурстың жүлдегерлеріне "Павлодар дарыны" БУҚБДДО дипломдары табыс етіледі .