Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Әл – Фараби. Өмір жолы» бейнеинсталляция байқауының қорытындысы
22-12-2020 15:32
«Әл – Фараби. Өмір жолы» бейнеинсталляция байқауының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2020 жылдың 2 – 21 желтоқсан аралығында «Әл – Фараби. Өмір жолы» атты қалалық бейнеинсталляция байқауын өткізді. Байқауға Павлодар қаласының 5-9 сыныптары арасында жалпы білім беру мектептерінің 36 оқушысы қатысты.

Байқаудың мақсаты - оқушылар арасында философиялық ойлауды қалыптастыру және дамыту, жеке тұлғаның рухани даму проблемаларына қатысты жеке ұстанымды қалыптастыру, ұлттық ойшылдың шығармашылық мұрасын насихаттау.

Байқаудың міндеттері – ұлы ойшыл Әл-Фарабидің философиялық ілімдері мен мұрасын зерттеу, оның мұрасы мен өмір жолын тану, оның әлем және қазіргі Қазақстан тарихындағы орнын анықтау.

Байқаудың тақырыбы - Әл-Фарабидің өмірбаяны, оның сол кездегі мәдени және ғылыми орталықтары – Фараб, Дамаск және Бағдад қалаларындағы өмір кезеңдері, оған әсер еткен еңбектер, Әл – Фарабиді замандастары мен кейінгі ұрпақтардың "Екінші Аристотельмен"сәйкестендіруі.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды №5 жалпы білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Каблов Артур, №6 жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Марьина Виктория, М.Әуезов атындағы ЖОББМ 5 сынып оқушысы Сиражиденова Аружан иеленді.

IIорынды №21 ЖОББМ 6 сынып оқушысы Болатов Алдияр, Қ. Бекхожин атындағы ЖОББМ 7 сынып оқушылары Каримжанова Лязиза және Каримжанова Алтын иеленді.

IIIорынды №2 ЖОББМ 5 сынып оқушылары Сағындық Айлин және Бахтияр Айнаш, №17 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Фазыл Азиз, М.Әуезов атындағы ЖОББМ 9 сынып оқушысы Молодык Александра, Жетекші ЖОМ 6 сынып оқушысы Сапарғали Қалима, №43 ЖОББМ 3 сынып оқушысы Зиневич Мария,  ЖОББМ №17 5 сынып оқушысы Татарская София  иеленді.

Байқаудың барлық жүлдегерлері "Павлодар дарыны" БУҚБДДО дипломдарымен марапатталады.