Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы" КМҚК «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» қашықтықтан қалалық өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесін ұйымдастырады.
Көрме мақсаты - балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.
Міндеттері: - білім алушылардың көркемдік және халықтық қолданбалы шығармашылыққа және мәдени мұраға назарын аударту; оларды белсенді шығармашылық қызметке араластыру; өздігінен жұмыс істеуді, жұмысқа деген шығармашылықты және жеке тәсілді дамыту; шығармашылықпен араласу алаңын құру, көрмеге қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты дамыту; көркем-эстетикалық талғамды дамыту және жас шеберлерді қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің үздік үлгілеріне араластыру; балалардың бойында патриотизм сезімін, ұлттық мәдениетке, Қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеу және ықыласпен қарау көзқарасын тәрбиелеу.
Көрмені өткізу тәртібі мен шарты.
Көрмеге Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 5-8 сынып оқушылары қатысады.
Тапсырыс пен жұмыстарды (Excel, шрифт Times New Roman формада) czdt2008@mail.ruэлектрондық мекенжайға 2021 жылдың 8 – 16 ақпанына дейін жіберу керек.
Көрме қорытындысы - 2021жылдың 18 ақпанында.
Көрме нәтижесін басып шығару - 2021 жылдың 19 ақпанында.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің "Павлодар дарыны" БУҚБДДО дипломдарымен марапатталады.
Орын. Тәткен Т.Е.,тел 322343, 87070027962