Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» қашықтықтан қалалық өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесі
04-02-2021 08:30
«Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз»  қашықтықтан қалалық өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы" КМҚК «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз»  қашықтықтан қалалық өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының көрмесін ұйымдастырады.

            Көрме мақсаты - балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету; қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көрсетуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу. 

            Міндеттері: - білім алушылардың көркемдік және халықтық қолданбалы шығармашылыққа және мәдени мұраға назарын аударту; оларды белсенді шығармашылық қызметке араластыру; өздігінен жұмыс істеуді, жұмысқа деген шығармашылықты және жеке тәсілді дамыту; шығармашылықпен араласу алаңын құру, көрмеге қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты дамыту; көркем-эстетикалық талғамды дамыту және жас шеберлерді қазақ халқының мәдениеті мен өнерінің үздік үлгілеріне араластыру; балалардың бойында патриотизм сезімін, ұлттық мәдениетке, Қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеу және ықыласпен қарау көзқарасын тәрбиелеу.

            Көрмені өткізу тәртібі мен шарты.

            Көрмеге Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 5-8 сынып оқушылары қатысады.

            Тапсырыс пен жұмыстарды (Excel, шрифт Times New Roman формада) czdt2008@mail.ruэлектрондық мекенжайға 2021 жылдың   8 – 16 ақпанына дейін жіберу керек.

            Көрме қорытындысы - 2021жылдың  18 ақпанында.

            Көрме нәтижесін басып шығару - 2021 жылдың 19 ақпанында.

            Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің "Павлодар дарыны" БУҚБДДО дипломдарымен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орын. Тәткен Т.Е.,тел 322343, 87070027962