Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиаданы өткізу туралы.
05-02-2021 11:14
Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиаданы өткізу туралы.

      Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы   2021 жылғы  8-12 ақпанаралығында   жалпы білім   беру  пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізеді. Олимпиаданы өткізу нысаны онлайн режимінде.

          Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі танытуғакөмектесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, білім берудің беделін арттыру.

        Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының 41 жалпы білім беретін мектептерінен 9-11 сыныптың   637 оқушысы  қатысады.

         Жалпы білім беретін пәндер бойынша Олимпиаданың  1 кезеңі  2 бағыт бойынша өткізіледі: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география); қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, өзін-өзі тану).

         Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, I орын алған оқушылар 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі

«Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және

 балалардың    дарындылығын дамыту орталығы»