Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылғы 8-12 ақпанаралығында жалпы білім беру пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізеді. Олимпиаданы өткізу нысаны онлайн режимінде.
Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі танытуғакөмектесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, білім берудің беделін арттыру.
Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының 41 жалпы білім беретін мектептерінен 9-11 сыныптың 637 оқушысы қатысады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Олимпиаданың 1 кезеңі 2 бағыт бойынша өткізіледі: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география); қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, өзін-өзі тану).
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, I орын алған оқушылар 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және
балалардың дарындылығын дамыту орталығы»