Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 16 наурызда "Ақ шағала" республикалық хореографиялық фестиваль - конкурсының қалалық кезеңі өткізілді
Фестиваль мақсаты - білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсаттыбағытталған қызметке , рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу.
Байқауға қаланың 18 мектебінен № 2, 9, Қ. Бекхожин , М. Алимбаев, Б. Момышұлы атындағы,14,16,17,18,21,24,26,28,29,36,39,43, КЖОМ 159 оқушы қатысты. Байқау екі номинация бойынша өтті: халық биі және халықтық стильдендірілген би, заманауи би. Фестивальдің қазылар алқасына барлық қатысушылардың арасынан ең жақсысын анықтау үшін өте қиын болды.
Халық биі және халықтық-стильдендірілген би номинациясында: І дәрежелі дипломмен - "Қазақ биі" биін орындағаны үшін № 2 мектептің "Шабыт" хореографиялық ұжымы марапатталды. "Қазақ би" хореографиялық композициялардың ашық орындалуы - қатысушыларға лайықты және сенімді жеңіс әкелді; ІІ дәрежелі дипломмен № 39 мектептің "Ритмы планеты"хореографиялық ұжымы, Қ Бекхожинатындағы мектептің "Таңшолпан" хореографиялық ұжымы марапатталды. № 28 мектептің "Diamond" ұжымы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Заманауи би номинациясында: ІІ орынды № 21 мектептің "Шабыт" хореографиялық ұжымы жеңіп алды.