Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ақ шағала» Республикалық хореографиялық фестиваль қалалық кезеңі байқауының қорытындысы
16-03-2021 10:53
«Ақ шағала»  Республикалық хореографиялық фестиваль  қалалық кезеңі байқауының  қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 16 наурызда "Ақ шағала" республикалық хореографиялық фестиваль - конкурсының қалалық кезеңі өткізілді

          Фестиваль  мақсаты - білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсаттыбағытталған  қызметке , рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу.

        Байқауға қаланың 18 мектебінен № 2, 9, Қ. Бекхожин , М. Алимбаев, Б. Момышұлы атындағы,14,16,17,18,21,24,26,28,29,36,39,43, КЖОМ 159 оқушы қатысты. Байқау екі номинация бойынша өтті: халық биі және халықтық стильдендірілген би, заманауи би. Фестивальдің қазылар алқасына  барлық қатысушылардың арасынан  ең жақсысын анықтау үшін өте қиын болды.

        Халық биі және халықтық-стильдендірілген би номинациясында: І дәрежелі дипломмен - "Қазақ биі" биін орындағаны үшін № 2 мектептің "Шабыт"  хореографиялық ұжымы марапатталды. "Қазақ би" хореографиялық композициялардың ашық  орындалуы - қатысушыларға лайықты және сенімді жеңіс әкелді; ІІ дәрежелі дипломмен № 39 мектептің "Ритмы планеты"хореографиялық ұжымы, Қ Бекхожинатындағы  мектептің "Таңшолпан" хореографиялық ұжымы марапатталды. № 28 мектептің "Diamond" ұжымы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Заманауи би номинациясында: ІІ орынды № 21 мектептің "Шабыт" хореографиялық ұжымы жеңіп алды.