Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Наурыз мерекесінің маңызы"
25-03-2021 11:08

 Павлодар қаласы  білім беру бөлімінің Наурыз мейрамын 10 күндік мерекелеу бойынша жоспары шеңберінде "Павлодар дарыны" бос  уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 19 наурызда қалалық    "Ата - баба өсиеттері" эссе байқауы  өткізілді. Байқауға қаланың 36 жалпы білім беретін мектептерінен 5-7 сыныптың 114 оқушысы  қатысты. Байқау онлайн режимінде Gogle-disk платформасында өткізілді. Мақсаты - дарынды және талантты оқушыларды қолдау, шығармашылық жазба жұмысында туған өлкеге өз көзқарасын білдіре білу, қазақ     халқының салт - дәстүрлерін білу және құрметтеу.

         Қатысушыларға "Наурыз мерекесінің маңызы" - "Наурыз мерекесінің мәні"тақырыбына эссе жазу тапсырмасы берілді. Онлайн байқау қорытындысы бойынша 43 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 6, ІІ орын - 12, ІІІ орын-25.

         I орынды "Наурыз мерекесінің мәні" эссесі үшін 6 сынып оқушылары Порожня Анна (№ 6 ЖОМ), Тоқтасова Аяулым (М.Әуезов атындағы мектеп), 7 сынып оқушылары Амангелді Назерке (№17 ЖОМ), Исаханова Айым (№19 ЖОМ), Солтанмұрат Аяулым (№38 ЖОМ), Рахимжанова Ақнұр (№ 41 ЖОМ) иеленді. Айым өз эссесінде мерекенің халқымыздың бірлігі мен келісімі ретіндегі маңызын, сауатты мазмұндамасын көрсетті. Ел жылдан жылға экономиканы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда.

        - Наурыз мейрамын өткізуге байланысты жаңа тұжырымдама әзірленді, оның негізінде рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту үшін қоғамды тартуға бағытталған іс-шаралар кешені жоспарлануда. Көктемгі мерекені өткізу үнемі  салт - дәстүр мен халықтар достығын, ұлттық тағамдардың көптігін, киімнің жарықтығын, түрлі ұлттық жарыстарға қатысумен өтеді, - деп жазады Анна Порожня өз эссесінде.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар "Павлодар дарыны"орталығының сертификаттарымен марапатталды.