Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Менің елім – менің тілім» турнирінің қорытындысы
08-04-2021 15:47
«Менің елім – менің тілім» турнирінің қорытындысы

          «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесіне орай  2020-2021 оқу жылының 7-8 сәуір аралығында алғаш рет «Павлодар дарыны» БУҚБДДО қазақ тілі пәнінен «Менің елім – менің тілім» атты басқа ұлт өкілдерінің 2-4 сынып оқушыларына арналған турнир өтті.

           Негізгі мақсаттары:Қазақ тілі пәні бойынша білімдерін жүйелеу;

           Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау, мемлекеттік тілді оқуға басқа ұлт өкілдерін ынталандыру; жас ұрпақ бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, еліміздің мәдени мұрасына құрметпен қарау және  қоғамның тарихи жадысын байытып, сақтауға ықпал тигізу. Байқау екі тур бойынша өткізілді:

           I - тур:қатысушылар тест тапсырмаларын орындады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы екінші турға өтті.

           II-тур: қатысушылар таңдалған тақырып бойынша қазылар алқасымен диалог құрастырды (өмірлік жағдаятқа байланысты).

           Байқауға қала мектептерінен 24 мектеп 110 оқушы қатысып,  өз бақтарын сынады. Олардың ішінен 18 мектептен 57 оқушы  ІІ айналымға өтті. Турнир қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде І орын – 6, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 11.

           №6 , №9 , №16, №26 ,  №29, №34,  № 36 , №38 , №40, №41, М.Әуезов атындағы мектеп, №43, КЖОМ оқушылары  ІІ айналымда аузекі сөйлеу шеберлігін көрсетті. Қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, өздері де қазылар алқасына сұрақ қоя білді.

           Барлық қатысушылар электронды сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.