Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 27 сәуірде "Үздік Ұлан – Ең үздіктер жасағы" қашықтықтан қалалық конкурсы өткізілді.
Мақсаты-Павлодар қаласында волонтерлік қозғалысты балалардың ерікті қызметке деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін жағдай жасау арқылы дамыту, сондай-ақ барлық санаттағы балалардың қарым-қатынасқа және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге қажеттіліктерін іске асыру.
Конкурсқа қаланың № 11,17,28, 29, 35, 36,43 жалпы білім беретін мектептерінен, № 20 мектеп – лицейінен 6-10 сынып оқушыларынан құрамында 57 оқушымен 8 команда қатысты
Байқау шарты бойынша командалар оқу жылы бойы "Жас Ұлан" волонтерлік қозғалысының қайырымдылық акцияларына, челлендждеріне, сыныптан тыс іс-шараларына қатысу туралы сегіз минуттық бейнероликтерді ұсынды. Қазылар алқасының мүшелері ұсынылған материалдардың бірегей идеяларын, шығармашылық тәсілін, креативтілігін және орындау мәдениетін атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 20 лицей мектебінің "20 kindstudents" командасы иеленді. Өздерінің бейнероликтерінде олар мектепте қандай түрлі және қызықты іс-шаралар өтетінін мазмұнды және креативті көрсетті.
ІІ орынды № 28 ЖОМ "Волонтер" және №29 ЖОМ "Актив" командалары иеленді.
III орынды № 36 ЖОМ "Мен еріктімін" және № 43 ЖОМ "Қамқор" командаларына бұйырды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, қалған қатысушылар "Павлодар дарыны"орталығының сертификаттарына ие болады.