Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үздік Ұлан – Ең үздіктілер жасағы
29-04-2021 11:24
Үздік Ұлан – Ең үздіктілер жасағы

           Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 27 сәуірде "Үздік Ұлан – Ең үздіктер жасағы" қашықтықтан  қалалық конкурсы өткізілді.

           Мақсаты-Павлодар қаласында волонтерлік қозғалысты балалардың ерікті қызметке деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін жағдай жасау арқылы дамыту, сондай-ақ барлық санаттағы балалардың қарым-қатынасқа және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге қажеттіліктерін іске асыру.

           Конкурсқа қаланың № 11,17,28, 29, 35, 36,43 жалпы білім беретін мектептерінен, № 20 мектеп – лицейінен 6-10 сынып оқушыларынан құрамында 57 оқушымен  8 команда қатысты

           Байқау шарты бойынша командалар оқу жылы бойы "Жас Ұлан" волонтерлік қозғалысының қайырымдылық акцияларына, челлендждеріне, сыныптан тыс іс-шараларына қатысу туралы сегіз минуттық бейнероликтерді ұсынды. Қазылар алқасының мүшелері ұсынылған материалдардың бірегей идеяларын, шығармашылық тәсілін, креативтілігін және орындау мәдениетін атап өтті.

           Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 20 лицей мектебінің "20 kindstudents" командасы иеленді. Өздерінің бейнероликтерінде олар мектепте қандай түрлі және қызықты іс-шаралар өтетінін мазмұнды және креативті көрсетті.

            ІІ орынды № 28 ЖОМ "Волонтер" және №29 ЖОМ "Актив" командалары иеленді.

            III орынды № 36 ЖОМ "Мен еріктімін" және № 43 ЖОМ "Қамқор" командаларына бұйырды.

            Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады, қалған қатысушылар "Павлодар дарыны"орталығының сертификаттарына ие болады.