Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Республикалық олимпиада жаңартылған форматта өтті
04-05-2021 08:40
 Республикалық олимпиада жаңартылған форматта өтті

        Ағымдағы жылдың 25-30 сәуір аралығында 2020-2021 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиада "U-Study"орталықтары негізінде  барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлер мен Республикалық маңызы бар қалаларда өтті. Басты зияткерлік іс – шарада "Бір қатысушы – бір компьютер-бір камера"қағидаты бойынша прокторинг жүйесі қолданылды.

          Жыл сайын республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында 4 кезеңде өткізіледі. Биылғы оқу жылында республикалық олимпиаданың   мектеп кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде аудандық кезеңге 100 мыңға жуық оқушы өтті, облыстық кезеңде 12 мыңнан астам оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде біріншілік үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен 1500-ден астам қатысушы күресті.

Олимпиаданың тапсырмалары "Дарын" РҒПО интернет ресурсы арқылы әр турдың басында бір уақытта ұсынылды және әрбір қатысушының алдын ала берілген дербес қолжетімділік коды болды. Тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге берілді. Әрбір тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың жұмыстарының сканерленген көшірмелері "Дарын" РҒПО интернет-ресурсында олардың жеке деректері көрсетілмей орналастырылды. Тапсырмалардың дұрыс жауаптары мен турлардың нәтижелері жазылған хаттамалар да "Дарын"РҒПО сайтында жарияланды.

          Оқиға онлайн режимінде көрсетілді, бейнебақылауға барлық сілтемелер "Дарын"РҒПО сайтында қолжетімді болды.

         Республикалық олимпиадада Павлодар облысынын 92 қатысушысы, оның ішінде 40 оқушы – қоғамдық-гуманитарлық циклде, 52 оқушы жаратылыстану-математикалық циклде оқушылар құрама командасы ұсынды. Облыс құрамына қаланың жалпы білім беретін мектептерінен   (№1, 11, 16, 29, 37,39, Б. Момышұлы ЖОМ) 10 мықты оқушы кірді.

          Олимпиада қорытындысы бойынша  11-сынып оқушылары  алтын жеңіп алды: француз тілі пәні бойынша – Бочкарева Виктория, гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 ЖОМ және неміс тілі пәні бойынша Жанат Аружан, №16 лицей- мектебі. География пәні бойынша күміс медаль иегері инновациялық типтегі №39 ЖОМ гимназиялық сыныптың10 сынып оқушысы Коваленко Максим . Қола медальдарды 10 сынып оқушылары жеңіп алды: Вакулина Диана, гимназиялық сыныптыңинновациялық типтегі №39 ЖОМ (орыс тілі мен әдебиеті) және Борецкий Богдан, № 11 ЖОМ оқушысы (құқықтану негіздері); № 1 ЖОМ 11 сынып оқушысы Закиров Омар (география).    

         Республикалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары бұдан  кейін  елімізді халықаралық олимпиадаларда  таныстырады.