Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің кіші Отаным
04-05-2021 17:27
Менің кіші Отаным

          Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2021 жылғы 17 сәуір мен 4 мамыр аралығында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын және Баянауылдың 195 жылдығын іске асыру шеңберінде "Менің кіші Отаным" қашықтықтан қалалық конкурс өткізілді.

          Мақсаты-өз өлкесінің тарихын білу, тарихи білімге баулу арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

          Байқауға қаланың № 2, 5,7,14,17, 18, 19, 29, 32, 34, 41, М. Әлімбаев, Б Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептерінен 7-10 сыныптардың 63 оқушысынан құралған 13 команда қатысты.

          Байқау шарты бойынша қатысушылар "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"; "Баянауылдың тарихи және археологиялық орындары"; "Баянауыл – таланттардың бесігі" бағыттары бойынша "Баянауыл – барлық қазақстандықтар үшін қасиетті жер" жобасының тұсаукесерін және "Баянауылға арнау" тақырыбында Үгітбригаданың визит карточкасын ұсынуы тиіс болды.

          Қазылар алқасының өкілдері жұмыстарды қарау кезінде мазмұнның тақырыпқа сәйкестігін, шығармашылық тәсілді, мазмұндылығын, сюжеттердің бірегейлігін, жобаның қажеттілігін ескерді.

          Байқау қорытындысы бойынша I орынды №14 мектептің "Отан" командасы иеленді, "Баянауыл - таланттар бесігі" жобасында қатысушылар Баянауыл өңірінің қасиетті орындары, рухани және табиғи мұрасы туралы айтып берді.Қатысушылар Баянауыл жері шынымен де өз саласында алғашқы ашушылар деп атауға болатын тұлғаларға бай деген пікірге келді.

          II орынды №17 ЖОМ "Рухани жаңғыру" және № 41 ЖОМ «Тенгри» "командалары иеленді.

          III орынды № 2 ЖОМ "Экология және Адам", №18 ЖОМ "Туған өлке білгірлері", № 19 ЖОМ «Тинейджеры» командалары иеленді.

          Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталса, қалған қатысушылар "Павлодар дарыны" орталығының сертификаттарына ие болады.