Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ереулі атқа ер салмай
06-05-2021 08:20
Ереулі атқа ер салмай

"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» тарихи тұлға Исатай Таймановтың 230 жылдығына арналған "Рухани Жаңғыру" - "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасы аясында "Ереулі атқа ер салмай" атты бейнероликтер мен эсселердің қалалық онлайн конкурсын өткізді. Бұл байқау жасөспірімдердің назарын Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени мұрасына аудару мақсатында жоспарланды.

Байқауға қаланың 28 мектебінен 6-9 сыныптардан 37 оқушы қатысты (№ 1, 2, 5, 6, 9, 11, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 27, 29, 30, 31, 33, 34, 35, 37, 39, 41, 43, № 16 лицей-мектебі, №20 мектеп-лицейі, Қ.Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектеп, Жетекші ЖОМ).

Конкурс екі турда өтті: Қазақстан тарихы бойынша 25 сұрақтан 1 тур – тестілеу; екі номинация бойынша 2-тур: "Барлық кезең батырлары" бейнерепортаж және ұсынылған үш тақырыптан  эссе жазу.

"Барлық кезең батырлары" номинациясында орындар келесідей қалыптасты:    I –орын - 1, II орын - 2, III орын – 3.

I орынды № 41 ЖОМ 9 сынып оқушысы Айпергенова Камила иеленді.

II орынды № 33 ЖОМ 6 сынып оқушысы Нұрпейіс Елсүйер және № 35 ЖОББМ 9 сынып оқушысы Ахметова Камила алды.

III орынды № 5 ЖОМ 8 сынып оқушысы Айгазинов Ильдар, № 21 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сарсенова Даяна және № 43 ЖОМ оқушысы Грищенко Милена иеленді.

Эссе жазу номинациясында орындар келесідей бөлінді: I орын – 1, II орын – 4, III орын– 6.

I орынды № 16 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Никитин Искандер иеленді.

II орынды № 9 ЖОГМ 6 сынып оқушысы Ауталипова Айым, № 18 ЖОМ 8 сынып оқушысы Шакуов Кәрім, № 37 ЖОМ оқушысы Токташева Көркем, № 19 ЖОМ 9 сынып оқушысы Қали Әлихан иеленді.

ІІІ орын иегерлері Қ.Бекхожин атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Орымбай Шынболат, № 20 лицей-мектебінің 9 сынып оқушылары Байжанқызы Алина, Алғазина Жанна, № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысылары Зейніл Гүлнара, № 29 ЖОМ  Ерсайын Айнұр, № 34 ЖОМ Бабулиди Дмитрий.

Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!