Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларды қорғау күніне арналған «Сүйікті кейіпкердің құттықтауы» жазғы қалалық байқауы
01-06-2021 09:09
Балаларды қорғау күніне арналған «Сүйікті кейіпкердің құттықтауы» жазғы қалалық байқауы

         «Жазғы круиз» жазғы кешенді бағдарламасы аясында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 20 мамыр - 1 маусым аралығында балаларды қорғау күніне арналған «Сүйікті кейіпкердің құттықтауы» жазғы қалалық байқауын ұйымдастырды.

         Мақсаты: - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын, қызықты идеялары мен көркемдік талғамын дамытуға ықпал ету, дарынды балаларды қолдау. Байқауға Павлодар қаласының 6 жалпы білім беру мектептерінен 5 - 8 сыныптардың  оқушысы қатысты.

         Байқауға шығармашылық, белсенді оқушылар қатысып, мультипликациялық және көркем кейіпкерлер бейнесінде құттықтау бейнероликтерін жазды.

         «Сүйікті кейіпкердің құттықтауы» байқауының қорытындысы бойынша ІІ орынды «граф Дракуланың қызы бейнесінде» М. Әуезов атындағы ЖОМ 4 сынып оқушысы Дидиожайте Дарья және кинокомикс кейіпкерлерінің бейнесіндегі мультипликаторлар тобының құттықтауымен № 43 ЖОМ 7 сынып оқушысы Плитко Марина иеленді. ІІІ орынды «Мистер Джек» және «сайқымазақ Бобик» бейнесінде құттықтауы үшін № 29 ЖОББМ 6 сынып оқушылары Хамзина Диана және Власенко Виолетта иеленді.

         Жеңімпаздар «Павлодар дарыны» БУҚБДДО – ның ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және қатысқаны үшін сертификаттарымен марапатталады.