Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мен өзімді іздеймін» шеберлік сағатының қорытындысы
11-06-2021 17:01
 «Мен өзімді іздеймін» шеберлік сағатының қорытындысы

         «Жазғы круиз» кешенді бағдарламасы аясында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының азаматтық-құқықтық мектебінің оқушыларына №2 Оқу-өндірістік комбинаты негізінде 8 - 11 маусым аралығында «Мен өзімді іздеймін» байқауының негізінде шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

          Мақсаты - балаларды өз таланттарын, жеке қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерін ашуға ынталандыру.

          Міндеттері – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу және жүзеге асыру, жаңа таланттарды іздеу және және қалалық байқауларға қатысу үшін мәліметтер негізін қалыптастыру.

          Шеберлік сағатына «киім дизайнері», «медицина», «көлік слесарі», «бизнес технология мен қаржы сауаттылығы», «Web- дизайн» және «мобилография» бағыттары бойынша барлығы 32,  20 жалпы орта білім беру мектептерінің   8 – 11 сынып оқушылары қатысты.

          «Мен өзімді іздеймін» шеберлік сағатының қатысушыларына  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығының  сертификаттары табысталды.