Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
М.Мақатаев шығармашылығының жас табынушылары.
01-10-2021 10:27
М.Мақатаев шығармашылығының жас табынушылары.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылы 30 қыркүйекте ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған қалалық қашықтық оқуларын өткізілді. Байқау мақсаты –оқушылар арасындаақын шығармашылығын  насихаттау.Оқуға қаланың 27 жалпы білім беру мектептерінен 5-11 сыныптың 96 оқушысы қатысты.

Байқау қатысушыларын С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік  университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің  филологтары бағалады.

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша I дәрежелі дипломмен К.Бекхожин ОМ 11 сынып оқушысы Бейсембай Камила иеленді. ІІ дәрежелі дипломмен  иегерлері - №17, №24. ІІІ дәрежелі дипломмен иегерлері - №6, № 34(3), №37 иеленді.

 «Көкірегімде жыр сәуле мазалайды...» бағыты бойынша I дәрежелі диплом иегері  №38 мектептің 9 сынып оқушысы Күнат Ақерке. ІІ дәрежелі диплом иегерлері - №19, №30. ІІІ дәрежелі диплом иегерлері - №6, № 36, Кенжекөл ОМ иеленді.

«Жыр эстафетасы» бағыты бойынша І дәрежелі диплом иегері №30 мектептің 8 сынып оқушысы Нұрлан Искандер. ІІ дәрежелі диплом иегері М.Әлімбаев ОМ.

«Жырлайды жүрек» бағыты бойынша І дәрежелі диплом № 35 мектептің 11 сынып оқушысы Илимхан Динасыл. ІІ дәрежелі диплом иегерлері № 2, №17. ІІІ дәрежелі диплом иегерлері № 5, № 20, № 24, № 38.

«Сыр сандықты ашып қара, ашып қара сырласам» бағыты бойынша І дәрежелі диплом иегері №2 мектептің 10 сынып оқушысы Бейсембина Салима. ІІ дәрежелі диплом иегерлері № 24, № 38. ІІІ дәрежелі диплом иегерлері  17, Кенжекөл ОМ.

«Мұқағали мұрасын кім көп біледі» бағыты бойынша І дәрежелі диплом К.Бекхожинорта мектебінің 8 сынып оқушысы Шакарымова Адия. ІІ дәрежелі диплом иегерлері № 28, №36. ІІІ дәрежелі диплом иегерлері №5, №39.

«Ақын мұражайына менің үлесім» бағыты бойынша І дәрежелі диплом № 19 мектебінің 6 сынып оқушысы Қаби Адият және № 35 мектебінің 11 сынып оқушысы Рахатбек Азиза иеленді. ІІ дәрежелі диплом иегерлері № 28, №36. ІІІ дәрежелі диплом иегерлері №2, №20, № 27, № 37.

Қалалық кезең жеңімпазыдары байқаудың  облыстық кезеңіне қатысады.