![](/media/img/blogs/6156de4f7ed8b.jpg)
"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 9-11 сынып оқушылары арасында Ы.Алтынсариннің 180 - жылдығына және М.Әлімбаевтың туған күніне арналған "Жаңа серпін"атты оқушылардың қалалық дебаттық турнирі өтеді.
Турнирдің мақсаты:білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.
Турнир 2021 жылдың 3 қазанында М.Әлімбаев атындағы ЖОМ негізінде өткізіледі.
Конкурс 2 турдан тұрады: іріктеу және қорытынды. Зияткерлік жарысқа мемлекеттік тілде оқытатын 16 команда қатысады.
«Павлодар дарыны»БУҚБДДО КМҚК