Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
АНОНС Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында "Заң, әділеттілік және ақыл" ІІ қалалық жолдастық дебат турнирі
06-10-2021 18:44
АНОНС  Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында

2020 жылдан бастап қала мектептері дебаттарды білім беру процесіне белсенді енгізуде. Павлодар педагогикалық университеті мен Павлодар қаласының білім беру мекемелері арасындағы дебат қозғалысын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум негізінде, сондай-ақ "Жаңа қөзқарас" дебат мектебінің мәдени-білім беру жобасы шеңберінде қалалық мектептер арасында жарыссөз процесіне қатысушылардың сапалы практикалық тәжірибе алуы және үздік дебатерлерді анықтау мақсатында дебаттар бойынша турнирлер өткізіледі.

"Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ және "KAISAR - KZ" ҚБ бірлесіп   7-8 қазан күндері

М. Әлімбаева атындағы ЖОМ негізінде  қалалық пікірсайыс турнирі өтеді . Оған қала мектептерінің 16 командасы қатысады.

Турнирдің бірінші күні– іріктеу кезеңі – 7 қазанда - 3 ойыннан тұрады, оның қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге қатысатын сегіз команда анықталады.

Турнирдің екінші күні8 қазанда - жартылай финал, финал 2 ойыннан тұрады.

13-14 қазанда өтетін қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқушылардың облыстық турниріне қатысады.

Турнир жеңімпаздары "Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ үш дәрежелі диплом және "KAISAR - KZ"қоғамдық бірлестігі ұсынған естелік сыйлықтармен марапатталады. Турнирдің барлық қатысушыларына "Павлодар дарыны"БУҚБДДО сертификаттары беріледі.