Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Қамқорлық"қалалық акция
08-10-2021 16:44

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 13 қыркүйектен 7 қазан  аралығында  "Қамқорлық" қалалық акциясы  өткізілді,  еңбек ардагерлері және зейнеткерлермен кездесулер өтті.

Байқаудың мақсаты отбасы мен қоғамдағы қарым - қатынастың оң тәжірибесін тарату, жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жеке қасиеттерін қалыптастыру және дамыту; альтруизмді, адамгершілікті және адамдарға өтеусіз  көмектесуге дайын болуды қалыптастыру.

Акцияға Павлодар қаласының жалпы білім беру    мектептерінің 6-8 сынып оқушылары қатысты.

Акция     қатысушылары  қарт  адамдардың  үйінде болып, оларға көмек көрсетіп, қарттар күнімен құттықтап, атқарылған жұмыстар туралы фотоесеп жасады.

Жұмыста  біреуге  риясыз  көмек көрсету,  жақын адамдарына  назар аудару немесе  қамқорлық көрсету сипаты бар.

Акцияға қаланың 18 мектебі қатысты, ең үздік жұмыстар әлеуметтік желілер, Instagramға  қойылды.  Акцияның барлық жауапты жетекшілері "Павлодар дарыны" БУҚБДДО  Алғыс хаттарын алады.