Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қатынасқа жол бермеу саласындағы, жеке тұлғаға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел
19-10-2021 13:46
Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық қатынасқа жол бермеу  саласындағы, жеке тұлғаға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел

"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы "KAISAR-KZ" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 2021 жылғы 18 қазанда сағат 11.00-де Одақтар үйінде әртүрлі себептерге байланысты мектепішілік бақылау топтарына кірген оқушылар арасында жеке тұлғаға қарсы, жыныстық қатынасқа жол бермеу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге № 6, 9, 21, 23, 26, 28, 32, 43 мектептен 15 қыз бала қатысты.

Дөңгелек үстелге "KAISAR KZ" ҚБ төрайымы Алмагүл Зайнуллақызы Козбаева, Павлодар қаласы полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Әйгерім Әсетқызы Сәбитова, Павлодар қаласы № 4 емханасының акушер-гинекологы Ажаргүл Бекболатқызы Бутаканова,

№ 15 жалпы орта білім беретін мектептің педагог-психологы Алмагүл Аманжолқызы Хамитова қатысты.

Оқушылар жыныстық қатынасқа жол бермеу  қылмыс түрлерімен, сондай-ақ осы қылмыстарға ілесетін қылмыстық жауапкершілікпен танысты.

Әңгіме қызықты әрі танымды өтті. Оқушылар ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, белсенді жұмыс жасап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.