Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шешендік – бұл ойдың суреті
29-10-2021 16:38
Шешендік – бұл ойдың суреті

2021 жылдың 28 қазанында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Достық үйі» залында  «Қоғамдық келісім» КММ «Өнер алды – қызыл тіл» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау арқылы жалпықазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Байқауға қалалық кезеңнің жеңімпаздары Павлодар қаласының  № 2, 5, 14, 16, 17, 18, 20, 27, 28, 41, М.Әлімбаев атындағы  мектептерден  8 -11 сыныптың  11 оқушысы қатысты.

Сайысқа қала мектептерінің оқушылары мен ұстаздары өте үлкен жауапкершілікпен  дайындалды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы  хатшылығының меңгерушісі Айнұр Раисова қатысушыларды құттықтап, ұстаздарына ыстық лебізін білдіріп, ақ жол тіледі.

Қатысушылар мемлекеттік тілде өздері туралы әңгімелеп, 2021 жылдың мерейтойлық  күндеріне  арналған көркем шығармаларды жатқа оқыды. Барлық  қатысушылар ұлттық киімдермен өнер көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша 3 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде 1-орынды № 2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Чижова Карина, 2-орынды №18 ЖОМ 8-сынып оқушысы Агалиева Найля және 3-орынды №41 ЖОМ  9-сынып оқушысы Ляхова София иеленді. Ережеге сәйкес облыстық турдың жеңімпазы  республикалық турға қатысады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтың сертификаттарымен марапатталды. Қалған 9 қатысушы және  оқушыны дайындаған  жауапты ұстаздар  алғыс хаттармен марапатталды.