Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5 – 6 сынып оқушыларына арналған II Республикалық олимпиада облыстық кезеңінің қорытындысы
08-12-2021 09:30
5 – 6 сынып оқушыларына арналған  II  Республикалық  олимпиада облыстық  кезеңінің қорытындысы

5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі дәстүрлі түрде 2021 жылдың 07 желтоқсанында Павлодар қаласының № 35 ЖОМ негізінде  өткізілді. Олимпиада 8 пән бойынша өтті:математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі.   

Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, білім беделін  арттыру.

       Облыстық іс – шараға Павлодар облысының 277 оқушысы-аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Павлодар қаласынан 14 мектептен 17 оқушы қатысты. Павлодар қаласының командасы 15 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде: І орын-4, ІІ орын - 2, ІІІ орын-9.

      Олимпиаданың  ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жеңімпаздар келесі орындарға ие болды:

       I  дәрежелі  дипломдармен марапатталды: Имангулов   Аргын, 6 сынып, № 9 ЖОГМ (ағылшын тілі); Галченко Илья, 5 сынып, № 36 ЖОМ (жаратылыстану); Хохлова Виктория, 5 сынып, № 36 ЖОМ (Қазақстан тарихы); Элимесұлы Жігер, 5 сынып, КЖОМ (Қазақ  тілі мен әдебиеті).

      II  дәрежелі  Дипломмен марапатталған оқушылар: № 25 ЖОМ (Қазақстан тарихы) және №34 ЖОМ  (Қазақ тілі мен әдебиеті)

     III  дәрежелі  Дипломмен марапатталған оқушылар:  № 14 ЖОМ (ағылшын тілі), № 2 ЖОМ (жаратылыстану, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі), № 35 ЖОМ (қазақ тілі мен әдебиеті), № 43 ЖОМ және  № 9 ЖОГМ (орыс тілінде оқытатын сыныптарда (қазақ  тілі), № 17 ЖОМ (математика), № 11 ЖОМ (орыс тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі), № 17 ЖОМ (математика), № 11 ЖОМ (орыс тілі  және әдебиет), № 37 ЖОМ  (қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі).

      Облыстық кезеңнің жеңімпаздары қорытынды республикалық кезеңге қатысады.