Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 15 желтоқсанда атақты қазақ композиторы және орындаушысы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған "Ұлы дала әуені" байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты-қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылық пен құрметке тәрбиелеу, балаларды аспаптық өнерге баулу.
Дина Нұрпейісова - халық өнерінің нағыз жауһары. Ол қазақ халық шығармашылығының алтын қорына енген ондаған туындылар шығарды. Олардың ішінде осы уақытқа дейін сахнадан шықпай, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген "Бұлбұл", "Әсем қоңыр", "Байжұма", «Жігер» және тағы басқалары.
Байқауға қаланың 9 мектебінен (№ 18, 19, 21, 29, 36, 38, 39, 43, № 20 мектеп-лицейі) 11 оқушы қатысты.
Онлайн сөз сөйлеу барысында талантты оқушылар өздерінің шеберліктерін көрсетті, олардың үздіктері лайықты жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі диплом иегері № 19 ЖОМ 8 сынып оқушысы Байясхан Насихат.
II дәрежелі дипломмен № 36 ЖОМ 6 сынып оқушысы Смағұлов Нұрболат, № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ешкен Рауан, № 20 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Қайролла Елнұр, № 38 ЖОМ 9 сынып оқушысы Рамазан Махамбет марапатталды.
III дәрежелі дипломмен № 18 ЖОМ 7 сынып оқушысы Синько Ангелина, № 19 ЖОМ 6 сынып оқушысы Мамытбек Аян, № 21 ЖОМ 4 сынып оқушысы Сайдуллоева Жания, № 29 ЖОМ 6 сынып оқушылары Жумабекова Аружан, Қоқан Фатима, № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Муратов Рустам марапатталды.