Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Республикалық хореографиялық Ақ шағала" фестиваль-байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы
24-02-2022 15:48
Республикалық хореографиялық Ақ шағала

        Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны"  бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 24 ақпанда "Ақ шағала" республикалық хореографиялық фестиваль - байқауының қалалық кезеңі  өткізілді.

        Фестивальдің мақсаты-білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

        Байқауға қаланың 16 мектебінен № 2, 6, 11, 14, 16, 18, 19, 21, 29, 34, 40, 41, Қ.Бекхожин, М. Әлімбаев, М. Әуезов атындағы, КЖОМ 175 оқушы қатысты. Байқау екі номинация бойынша өткізілді: 1) халық биі және халықтық-стильдендірілген би: а) әлем халықтарының билері; б) қазақ биі; 2) заманауи би: а) эстрадалық би; б) микс-би.

         Қазылар алқасының мүшелеріне ең жақсысын анықтау өте қиын болды.

Халық биі және халықтық-стильдендірілген би номинациясында: "Шашу" қазақ халық биін орындағаны үшін Қ.Бекхожин атындағы мектептің "Шұғыла" хореографиялық ұжымы I дәрежелі дипломмен марапатталды. Бидің жарқын хореографиялық орындалуы қатысушыларға лайықты және сенімді жеңіс әкелді.

№ 2 мектептің "Шабыт", Кенжекөл ЖОМ "Тұмар", хореографиялық ұжымдары ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды .

№ 16 мектеп-лицейдің "Рандеву", № 18 мектептің "Визави", № 21 мектептің "Шабыт", № 34 мектептің "Алтын Көкнар" (2-3 сынып), № 34 мектептің "Алтын Көкнар" (5-7-8 сынып), № 14 мектептің "Биназир", М. Әуезов атындағы мектептің "Pole Dance" ІІІ дәрежелі дипломмен ұжымдары марапатталды.

         Заманауи би номинациясында: I дәрежелі дипломмен - № 40 мектептің "Акварель" хореографиялық ұжымның «Рыжий кот», М.Әлімбаев атындағы мектептің  "Эйфория" хореографиялық ұжымдары марапатталды.

           ІІ орынды № 2 мектептің "Шабыт" хореографиялық ұжымы "Американдық полька" эстрадалық биімен, № 14 мектептің "Иртышские жемчужины" заманауи биімен жеңіп алды.

          ІІІ дәрежелі дипломмен № 11 мектептің "Микс-Дэнс" және № 29 мектептің "Надежда" ұжымдары марапатталады.