Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытындысы
28-02-2022 08:10
«Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту  орталығымен  ағымдағы жылдың 25 ақпанында "Ілияс Жансүгіров оқулары"байқауы өткізілді.

         Байқауға қаланың 21 жалпы білім беретін (№ 1, 6, 7, 16, 17, 19, 20, 21, 24, 25, 30, 31, 33, 35, 37, 38, 40, 41, (Қ.Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектептер) мектебінен 8-11 сыныптың  43 оқушысы қатысты.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: бірінші бағыт - "Ілияс – эпикалық ақын" - ақынның поэмаларын жаттау; екінші бағыт - ақын Ілияс Жансүгіровтың өлеңдерінің бірін, ақынның прозалық немесе драмалық шығармаларын мәнерлеп оқу және орындау; үшінші бағыт - қазылар алқасына буклеттер түрінде алдын ала ұсынылған өз туындысын жатқа оқу. Байқау қорытындысы бойынша 43 талантты оқушы өз шеберлігін көрсетті, 19 қатысушы жүлдегер атанды,оныңішінде: I орынға   3 оқушы,  II орынға – 6, III орынға – 10 оқушы.

 "Ілияс – эпикалық ақын" номинациясы бойынша I орынды № 38 НЖББМ 7-сынып оқушысы ( 8 сынып үшін орындады) Дауыржан Ердамыс, II орынды № 41 ЖОМ 9-сынып оқушысы Женисова Дана, III орынды № 21 ЖОМ 8-сынып оқушысы Жиембекова Гүлназ және Б.Момышұлы атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Бекенова Назар иеленді.

Ақын Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің бірін, прозалық немесе драмалық шығармаларды мәнерлеп оқу және орындау номинациясында І – орынды № 38 НББМ 7 (8) сынып оқушысы Хунафия Айдана; ІІ орынды № 21 ЖОМ 8 сынып оқушысы Тойлыбай Аида, Б.Момышұлы атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Хамитова Амина № 24 ЖОМ 9 сынып оқушысы Работов Әділбек; ІІІ орынды М.Әлімбаев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Мұсағалиева Аяна, № 35 ЖОМ Бадилхан Оралгүл, № 40 ЖОМ 8 сынып оқушысы Шнайдер Андрей  және № 40 ЖОМ 9 сынып оқушысы Жәкенова Мөлдір иеленді.

Өзі  шығарған өлеңдерді жатқа оқу номинациясында I орынды Қ.Бекхожин атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Орымбай Шынболат; II орынды № 30 ЖОМ 7 (8) сынып оқушысы Өмірзақ Айым және Б. Момышұлы атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Солтанмұратова Ділназ; III орынды М. Әлімбаев атындағы мектептің 7 (8) сынып оқушысы Оразбек Нұрбол, № 33 мектептің 8 сынып оқушысы Қаймолденова Диляра, № 19 мектептің 9 сынып оқушысы Сейтқазы Аружан, № 35 мектептің 10 сынып оқушысы Маратова Камила  иеленді.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, сондай-ақ байқау қатысушыларына "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары беріледі.

Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың наурыз айында өтетін облыстық кезеңге өтед.