Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Елбасы Медалінің Иегерлері
04-03-2022 09:53
Елбасы Медалінің Иегерлері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында  Елбасының бақылауымен  іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей жоба - "Елбасы медалімен" күміс және қола жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.

Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған және 7 бағыт бойынша даму бағдарламасын қарастырады: спорт, талант және дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат және жорықтар, жұмыс тәжірибесі.

Марапаттау рәсімінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 9 оқушысы медаль алды.

6 ай бойы олар жеті бағыт бойынша тапсырмаларды орындады, өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді. Спортпен шұғылдануда, өнерге баулуда, мұраны дәріптеуде, қайырымдылық жасауда және кітап оқуда үздік нәтижелер көрсетті. № 19 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ерсинова Айсан күміс медальмен марапатталды.

№ 7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ещанова Аружан, № 20 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жунусова Аима, № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы Хамитова Карина, № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы Рамазанов Асылхан, № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Мұрат Оразалы, № 25 ЖОМ 9 сынып оқушысы Социал Гауһар, Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушылары  Мейрам Нарқыз, Хусайын Ақбота қола медальмен марапатталды.