Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында Елбасының бақылауымен іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жөніндегі бірегей жоба - "Елбасы медалімен" күміс және қола жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.
Жоба 14-29 жас аралығындағы жастарды тәрбиелеуге бағытталған және 7 бағыт бойынша даму бағдарламасын қарастырады: спорт, талант және дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, саяхат және жорықтар, жұмыс тәжірибесі.
Марапаттау рәсімінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 9 оқушысы медаль алды.
6 ай бойы олар жеті бағыт бойынша тапсырмаларды орындады, өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді. Спортпен шұғылдануда, өнерге баулуда, мұраны дәріптеуде, қайырымдылық жасауда және кітап оқуда үздік нәтижелер көрсетті. № 19 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ерсинова Айсан күміс медальмен марапатталды.
№ 7 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ещанова Аружан, № 20 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жунусова Аима, № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы Хамитова Карина, № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы Рамазанов Асылхан, № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Мұрат Оразалы, № 25 ЖОМ 9 сынып оқушысы Социал Гауһар, Кенжекөл мектебінің 11 сынып оқушылары Мейрам Нарқыз, Хусайын Ақбота қола медальмен марапатталды.