Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаманбалинов оқулары туралы
10-03-2022 16:37
Жаманбалинов оқулары туралы

М.Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында (Малайсары көшесі 2) 2022 жылдың 16 наурызында сағат 14.00-де "Жаманбалинов оқулары"қалалық байқауының финалдық туры өтеді. Байқаудың мақсаты-оқушылар арасында М.К. Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттау, шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу және  ана тілі мен әдебиетін білуге баулу.

Байқауға қалалық оқуларға қатысу үшін жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушылары, мектепішілік көркем оқулардың жеңімпазы (бір қатысушы) қатыса алады.

Байқау үш кезеңнен тұрады - "Табиғат сабағы" - қатысушылар ақынның табиғат,  жыл мезгілдері, жануарлар немесе құстар туралы өлеңін оқиды,

" Ертегілер елінде " - оқушылар ақынның бір өлеңінің немесе ертегілерінің желісі бойынша шағын көрініс дайындауы керек," Балалар жүрегі бар ақын " - қатысушылар М.Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап береді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.