Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Армандар фестивалі» КВН қалалық байқауының қорытындысы
16-03-2022 15:19
«Армандар фестивалі» КВН қалалық байқауының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытты қамту орталығы 2022 жылғы 14 наурызда «Арман фестивалі» КВН қалалық конкурсын қашықтықтан өткізді.

Мақсаты-эстрадалық-театрлық шығармашылық құралдары арқылы оқушылардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуына жағдай жасау және мектепте КВН-қозғалысын дамыту.

КВН байқауына Павлодар қаласының 7 мектебінен 55 оқушы, 7 команда қатысты. «Жас көңіл» К. Бекхожин атындағы ЖОМ командасы, № 19 ЖОМ «Жас буын» команадасы, инновациялық типтегі № 34 ЖОМ «Юные фантазеры» команадасы, № 40 ЖОМ «ПНП» командасы, № 43 ЖОМ «Боевые ниндзя хомяки» командасы, № 20 мектеп-лицейдің «Лина плохих шуток» команадасы және КЖОМ «Жайдарман» командасы.

І дәрежелі дипломмен 8 сынып оқушылары «Жас көңіл» Қ.Бекхожин атындағы ЖОМ командасы иеленді.

II дәрежелі дипломмен №20 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары «Лига плохих шуток» командасы иеленді.

ІІІ дәрежелі дипломмен № 34 ЖОББМ 5-8 сынып оқушылары «Юные фантазеры»  командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.