Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Менің бастамам-менің Отаным" облыстық шығармашылық жобалар турының қорытындысы
30-03-2022 15:48

2022 жылдың 14-18 наурыз аралығында Оқушылар сарайында "Менің бастамам – менің Отаным" республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық туры өтті. Байқаудың басты мақсаты-балалар мен жастар бастамаларын дамытуға ықпал ету, дарынды балаларды анықтау және қолдау.

Облыстық қашықтық турға Павлодар, Ақсу, Аққұлықалалары, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Павлодар, Шарбақты, Тереңкөл аудандарының мектептерінен 54 оқушы қатысты.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі авторлық жұмыстар 10 номинацияда ұсынылды. Шығармашылық жобаларда әлеуметтік тиімділік, шешілетін әлеуметтік мәселенің өзектілігі және жобаның маңыздылығы, болжамды нәтижелердің сипаттамасы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі жаңашыл тәсілдер, заманауи инновациялық технологияларды, формалар мен әдістерді қолдану бағаланды.

"Менің бастамам – менің Отаным" республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық қашықтық турының қорытындысы бойынша жеңімпаздар деп танылды: "Жақсылық керуені" номинациясы

ІІ орын НұрғалиАсылхан, М. Әлімбаев ат.ЖОМ.

"Мен Қазақстан азаматымын"номинациясы

І орын Есмағанбетова Назерке, № 33 ЖОМ.

"Менің ашық университеттерім" номинациясы

ІІ орын Аспандиярова Даяна, № 21 ЖОМ.

"Менің кіші Отаным"номинациясы

ІІІ орын Мурга Ксения, № 6 ЖОМ.

"Қазақстанның жеті кереметі" номинациясы

ІІ орын Булуева Регина, № 33 ЖОМ.

"Менің отбасым: сабақтастық, құндылық және мағына" номинациясы

ІІІ орын Қанағатқызы Толғанай, № 2 ЖОМ.

Шығармашылық жобалар байқауының қатысушылары сертификаттармен, жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.