Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Павлодарлық оқушылар транспарентті және есеп беретін мемлекет үшін
14-04-2022 11:51
   Павлодарлық оқушылар транспарентті және есеп беретін мемлекет үшін

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  "Транспарентті және есеп беретін мемлекет"конкурсының қалалық кезеңі  өткізілді.

Байқаудың мақсаты-оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру; құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жетілдіру және жандандыру, қоғамның назарын сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарына аудару.

Байқауға  қаланың 6 жалпы білім беретін  № 1, 14, 18, 19, 26 және

К. Мақпалеев  атындағы мектептің 7-11 сыныптарынан 36 оқушы қатысты. Конкурсқа қатысушыларымен  "Транспарентті және есеп беретін мемлекет"тақырыбына бейнероликтер ұсынылды.

Конкурс аяқталғаннан кейін оның қорытындылары шығарылды.

I орынға № 1 ЖОМ 10 сынып оқушылары "Ұлағатты жастар "командасы ие болды. Қатысушылар өздерінің жарқын бейнеролигінде көлік жүргізу құқығын әділетсіз жолмен алуға болмайтындығы туралы мазмұнды материал ұсынды, өйткені жол ережесін білмегендіктен жазықсыз адамдар зардап шегуі мүмкін . Роликтің қатысушылары қаланың барлық тұрғындарын адал және абыроймен өмір сүруге шақырады!

II орынды  № 18 ЖОМ 10 сынып оқушыларының "Көшбасшылар" командасына берілді.

III орынды № 19 ЖОМ 11 сынып оқушылары "Болашақ" және № 14 ЖОМ 10 сынып оқушылары "Патриоттар" командалары бөлісті.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Павлодар дарыны"орталығының

І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

№ 1 мектеп жеңімпаздарының үздік жұмысы "Транспарентті және есеп беретін мемлекет"конкурсының облыстық кезеңіне бағытталған.