Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Құрасбек Тыныбековтың 75 жылдығына арналған қалалық байқау
26-04-2022 15:53
Құрасбек Тыныбековтың 75 жылдығына арналған қалалық байқау

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2022 жылғы 26 сәуірде Құрасбек Тыныбековтың 75 жылдығына арналған сәндік-қолданбалы шығармашылықтың қалалық конкурсы  өткізілді.

Байқаудың мақсаты білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және сәндік-қолданбалы шығармашылыққа одан әрі қызықтыру, гобеленді зерделеу; балаларды іс-шараларға баулу  арқылы қосымша білім берумен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.

Байқауға 9 мектептен 5-11 сыныптың  22 оқушысы  қатысты: № 20 МЛ,14, 15, 26, 33, 41, К. Макпалеев ат.,Б. Момышулы ат., КЖОМ.

Байқау қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын – 6 оқушы, ІІ орын-3 оқушы, III орын – 5 оқушы.

Байқау 6 номинация бойынша өтті.

1 номинация "Батик" І орынды Зубок Анна жеңіп алды (№15 ЖОМ).

2 номинация "Гобелен" I орын Богомолова Дарьяға берілді (№14 ЖОМ)

3 номинация "Тоқыма сәндік панно" I орынды Бергенова Дарья (КЖОМ) иеленді.

4 номинация "Киіз басу" - I орын Болатхожина Назерке (№33 ЖОМ); II орын - №4 ЖОМ; III орын - №41 ЖОМ.

5 номинация "Киізден жасалған жұмыстар" I орынды Әділова Дильжан (Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ); II орынды - №15 ЖОМ; III орынды - Б.Момышұлы атындағы мектеп және № 41 ЖОМ иеленді.

6 номинация "Киізден (фетр) жасалған жұмыстар" I орынды Мұратова Рахима (КЖОМ); II орынды КЖОМ; III орынды №33 (2) ЖОМ иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.