Павлодар қаласының білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2022 жылғы 26 сәуірде Құрасбек Тыныбековтың 75 жылдығына арналған сәндік-қолданбалы шығармашылықтың қалалық конкурсы өткізілді.
Байқаудың мақсаты білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және сәндік-қолданбалы шығармашылыққа одан әрі қызықтыру, гобеленді зерделеу; балаларды іс-шараларға баулу арқылы қосымша білім берумен қамтуға жәрдемдесу болып табылады.
Байқауға 9 мектептен 5-11 сыныптың 22 оқушысы қатысты: № 20 МЛ,14, 15, 26, 33, 41, К. Макпалеев ат.,Б. Момышулы ат., КЖОМ.
Байқау қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын – 6 оқушы, ІІ орын-3 оқушы, III орын – 5 оқушы.
Байқау 6 номинация бойынша өтті.
1 номинация "Батик" І орынды Зубок Анна жеңіп алды (№15 ЖОМ).
2 номинация "Гобелен" I орын Богомолова Дарьяға берілді (№14 ЖОМ)
3 номинация "Тоқыма сәндік панно" I орынды Бергенова Дарья (КЖОМ) иеленді.
4 номинация "Киіз басу" - I орын Болатхожина Назерке (№33 ЖОМ); II орын - №4 ЖОМ; III орын - №41 ЖОМ.
5 номинация "Киізден жасалған жұмыстар" I орынды Әділова Дильжан (Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ); II орынды - №15 ЖОМ; III орынды - Б.Момышұлы атындағы мектеп және № 41 ЖОМ иеленді.
6 номинация "Киізден (фетр) жасалған жұмыстар" I орынды Мұратова Рахима (КЖОМ); II орынды КЖОМ; III орынды №33 (2) ЖОМ иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.