Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 5 мамырда
№ 7 ЖОМ базасында «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты-өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Байқауға № 7, 11, 17,21, 25,28, 34, 36,М. Әлімбаев, КЖОМ 10 мектептен 90 оқушы қатысты
Фестиваль-конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл,балет, данс - спектакль және т.б.),«Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ қойылымы».
«Драмалық спектакль» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен № 11 мектептің «Іпсайт» театр ұжымы марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен - № 28 мектептің «Домовята» театр ұжымы.
ІІІ дәрежелі дипломмен - № 21 мектептің «Алау» театр ұжымы.
«Әдеби-музыкалық композиция» номинациясыбойынша № 17 «Драм studio» мектебінің театр ұжымы I дәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІ орынды №34 ЖОМ «Алые паруса» театр ұжымы жеңіп алды.
№ 36 мектебінің «Овация» театр ұжымы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Қуыршақ спектаклі» номинациясы бойынша КЖОМ «Қуыршақтар» театр ұжымы I дәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІ орынды М.Әлімбаев атындағы мектептің «Театр - өмір айнасы» театр ұжымы жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Павлодар дарын» балаларды жұмыспен қамту және дарындылығын дамыту орталығы І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарымен марапатталды.