Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Дихан Әбілев оқулары» байқауы
19-05-2022 16:23
«Дихан Әбілев оқулары» байқауы

18 мамырда  Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында «Павлодар қаласы» мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қалалық  білім беру бөлімі менПавлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы аталған кітапхана қызметкерлерімен бірлесе өткізілген жазушы, ақын, драматург, аудармашы Дихан Әбілевтің  115 жылдығына орай және оның шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Дихан Әбілев оқулары»  байқауы  өтті.

Әділқазылар алқасының құрамы -  Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ақын Байғалы Шолпан Байғалықызы, «Найзатас» журналының бас редакторы Асыл Әлімжанұлы Әбішев, ақын, журналист Еламан Хасенұлы Қабдыләшім, орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, қалалық орталық кітапхана қызметкері Жұмабекова Айкен Айтмағамбетқызы байқау қатысушыларының өнері мен білімін бағалады.

 Алғашқы рет өткізіліп отырған байқауға Павлодар қаласы жалпы орта білім беретін мектептерінің  5-8  сынып оқушылары арасынан23оқушы қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды: 1-ші кезеңде алдын ала берілген тақырып бойынша эссе жазды.

2-ші кезең: Жазушының өмірі, шығармаларына байланысты сұрақтардан тұратын тест жұмысын орындады.

3-ші  кезеңде «Мен жүрекпін тірлік үшін соғатын»  тақырыбы бойынша ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

 Байқауда «Терең ізденіс», «Үздік жас ғалым», «Еркін сөз»  аталымдары, 1-2-3 орын   және  «Бас жүлде» берілді.

«Терең ізденіс» аталымы  бойынша №21 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Тойлыбай Аида марапатталды.

«Үздік жас ғалым» аталымымен бойынша №40  ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы Тукманова Айсұлу марапатталды.

«Еркін сөз» аталымын  №24 ЖОББМ-нің 6  сынып оқушысы  Мұхаметжанова Сания   иеленді.

Бас жүлдені №37  ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Назира Сиязбек жеңіп алды. І  орынды №25  ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Сания Тұяқбай иеленді. ІІ орынды № 29  ЖОББМ-нің 8 сынып  оқушысы Аяулым Баталова иеленді. ІІІ орын Кенжекөл мектебінің 6 сынып оқушысы Данайым Молшина марапатталды.  

Жеңімпаз бен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.