Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ертегілер әлеміне саяхат»
15-06-2022 16:54
«Ертегілер әлеміне саяхат»

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  15 маусымда қалалық бос уақыт орталығында "Жайдарлы жаз" жазғы бағдарламасы шеңберінде Қазақстан балалары жылына арналған "Ертегілер әлеміне саяхат" қалалық жобасын өткізді.

Байқауға №1, 2, 6, 7, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 24, 25, 26, 28, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 41, 43, Қ. Макпалеев, Қ.Бекхожин атындағы, Кенжекөл, Жетекшіжалпы білім беретін 27 мектептен 1-5 сыныптың  261 оқушысы  қатысты.Балалар өздерінің театрлық, әртістік қабілеттерін көрсетті және қонақтарды ертегінің сюжетін заманауи түсіндірумен таң қалдырды. Қатысушылар "Красная шапочка", "Бауырсақ", "Репка", "Буренка", "Муха Цокотуха", "Мақта қыз", "Приключение в городе Рацион", "Көкөністер дауы", "Помоги дракону", "Алдар Көсе" ертегілерін сахналады. Қатысушылар байқау тақырыбын аша алды, кейіпкерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйледі, ашық костюмдер мен музыкалық сүйемелдеу таңдалды. Әсіресе, балалар сүйікті ертегі кейіпкерлеріне айналып , қызықты ойынымен көрермендердің ду қол шапалақтарын тудырды.Байқаудың қорытындысы бойынша I орын № 18 ЖОМ "Рацион", № 28 ЖОМ "Домовята" - "Красная шапочка", № 43 ЖОМ "Карапузики" - "Емеля" командаларына берілді.

II орынға № 7, 11,15, 25, 29, 34, 41 мектептеріие болды. III орынды № 1, 16, 17, 19, 26, 35, 36, К.Мақпалеев атындағы Кенжекөл ЖОМ, Жетекші жалпы орта білім беру мектептері иеленді."Өнерлі балалар" номинациясын№ 2, 6, 14, 24, 39, Бекхожин атындағы мектептер иеленді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.