"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 30 мамыр мен 3 маусым аралығында "Жас лингвист"жазғы мектебін іске қосты.
Оқыту екі бағытта өтті: "Лингвистикалық есептерді шешу" (7 – 9 сыныптар) және "Француз тілін оқыту" (5 – 6 сыныптар).
"Жас лингвист"жазғы лингвистикалық мектебінің басты міндеті оқушыларды гуманитарлық ғылымдардың жаңа бағыттарымен таныстыру, өзіндік шығармашылық қызмет үшін жағдай жасау.
Жазғы лингвистикалық мектептің негізгі мақсаты тіл туралы, әлемнің тілдік әртүрлілігі туралы және қала мектептерінің оқушылары арасында лингвистиканың мәні туралы білімді арттыру, жасөспірімдердің тапсырмаларды орындау кезінде жалпы білімді логикалық ойлау және шығармашылық қолдану дағдыларын дамыту болып табылады.
Жазғы лингвистикалық мектепке 5-9 сыныптың 30 оқушысы қатысты.