Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Павлодарлық жас зерттеушілер өз жобаларын қорғады
23-09-2022 21:00
Павлодарлық жас зерттеушілер өз жобаларын қорғады

     2022 жылғы 22 қыркүйекте Павлодар қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебінде жас  зерттеушілерді анықтау және қолдау, талантты оқушылардың шығармашылық қызметін одан әрі дамыту мақсатында "Зерде"республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Ұйымдастырушы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы болып табылады.Жыл сайынғы байқауға 41 мектептен 2-7 сыныптардың 362 оқушысы, 341 жобаның авторлары қатысты.

      Қатысушылар өз жобаларында математикалық теңдеулердің құпиялары, кристалдардың қасиеттері және энергияны үнемдеу әдістері туралы айтып, қоршаған орта мәселелерін шешу әдістерін ұсынды. Шығармашылық жұмыстарда сәндік-қолданбалы өнер әлемімен, ұлттық салт-дәстүрлермен, Тіл және әдебиетпен таныстырды, өлкетану жұмысын жүргізді.

       Зерттеу жұмыстарын қорғау 9 секция бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі,математика және информатика,физика және техника, медицина және психология, тарих,өлкетану және этномәдениеттану,биология және химия, экология, валеология және робототехника.

       Байқау қорытындысы бойынша 220 қатысушы – 207 жобаның авторлары жеңімпаз және жүлдегер атанды.І орынды – 29 қатысушы, 26 жобаның авторлары, ІІ орынды – 80 жобамен 88 қатысушы, ІІІ орынды – 103 қатысушы 101 жобамен  иеленді.

       Оқушылардың  орындау  нәтижелері бойынша "Ең үздік қалалық команда" номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Б.Момышұлы атындағы орта мектеп, ІІ дәрежелі дипломмен  № 21 және № 25 орта мектеп, ІІІ дәрежелі дипломмен № 9 мектеп – гимназиясы  марапатталды.

       "Зерде" байқауының облыстық іріктеу кезеңіне 100-ден астам үздік жоба қатысады.