Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Кітап – арқылы ашылған әлем»
29-09-2022 22:58
«Кітап – арқылы ашылған әлем»

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы және М.Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасымен бірлесіп «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап – арқылы ашылған әлем» атты жобаның бірінші турының екінші кезеңі өтті.

Жобаның мақсаты оқушылардың оқу іс – әрекетін қалыптастыру, әдеби шығарманы толық қабылдау, балаға оқырман болуға көмектесу және оқырман тәжірибесін кеңейту.

Жобаға 22 жалпы білім беру мектептерінен 4 сыныптар оқушылары арасынан  30 бала қатысты. Жобаға қатысушылар «А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында шығарма жазды.Оқушылар жұмыстарында жобаның алғашқы кезеңінде танысқан өмірбаяндық деректерді пайдалана отырып, ақын туралы әңгімеледі.

Қазақ балалар ақыны Ескен Елубаевтің 80 жылдығына арналған кезекті кезең ағымдағы жылдың 6 қазанында өтеді.