Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Тәуелсіздік ұланы"сыйлығын алуға арналған конкурс туралы
12-10-2022 17:34

2022 жылғы 11-13 қазан аралығында "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын   дамыту орталығының базасында байқаудың І кезеңі өтеді.

     Мақсаты – әртүрлі салаларда ерекше қабілеттерін көрсеткен талантты және дарынды балаларды, сондай-ақ басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігкен қоғамдық маңызы бар, батыл іс-әрекеттер жасаған балаларды қолдау.

    Соңғы үш жылдағы облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың, олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері  " Тәуелсіздік ұланы " сыйлығын беруге үміткерлер болып табылады.

        " Тәуелсіздік ұланы " сыйлығы келесі номинациялар бойынша беріледі: "Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқу-зерттеу қызметі", "Спорттық шеберлік", «Шығармашылық шеберлік","Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет", "Кәсіби шеберлік" (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін).

          Конкурс ережесіне сәйкес қорытынды (облыстық) кезеңге қатысуға квота Павлодар қаласы мектептерінен 80 оқушыны құрайды.

           "Тәуелсіздік  ұланы" сыйлығының иегерлері төсбелгімен марапатталады және айлық есептік көрсеткіштің 50- есе еселенген мөлшерінде біржолғы сыйақы алады.

 

                                     

 

Қосымша ақпарат:Тел. 87757724999